- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шәкіртақы өседі". Министр...
"Шәкіртақы өседі". Министр оқушылар мен студенттерге үн қатты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, бүгіннен бастап шәкіртақы өсетінін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті оқушылар, студенттер, ұстаздар, оқытушылар және ата-аналар! Қымбатты менің әріптестерім! Баршаңызды 2022-2023 оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы мектеп табалдырығын енді аттағалы тұрған 1-сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарына арман қуып келген 1-курс студенттері үшін сәтті өтсін! Cіздерді жарқын болашақ, биік белестер күтіп тұр. Сабақтарыңызды жақсы оқып, ғылым, спорт және шығармашылық салаларында мол табыстарға кенеле беріңіздер. Айта кетейін, Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа оқу жылына жоспары көп. Оларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. Естеріңізге сала кетсем, бүгіннен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға өседі. Біздің ұжым сапалы білім мен дұрыс кәсіби бағдар үшін аянбай еңбек етуге дайын. Оқуда озат, еңбекте адал болыңыздар. Биік шыңдарды бірге бағындырайық!" - деді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова