- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елес пе? Алматы...
Елес пе? Алматы тауындағы сирек құбылыс видеоға түсіп қалды
Instagram желісінде mountains_lover_kz парақшасында Алматы тауларында "Броккен елесі" деген атпен танымал оптикалық иллюзияның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мұндай сирек құбылысты Советов шыңынан шыққан кезде көруге болады. Мұны тау тұманды немесе бұлтты болғанда, адамның көлеңкесі күнге қарама-қарсы бағытта түскенде көруге болады. Кейде көлеңке түрлі-түсті сақиналармен қоршалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Броккен елесі" құбылысы Германиядағы Гарц тауларындағы Броккен шыңы атымен аталған, онда тұрақты тұман және онша биік болмауы мұндай елесті жиі байқауға мүмкіндік береді.
Мұндай көлеңкені адамдар ғана емес, сонымен қатар жануарлар, ағаштар, құрылымдар және тіпті таулар да түсіре алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек