Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы атанды

Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы атанды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) орта салмақтағы WBO титулынан бас тартты. Ол екінші орта салмаққа ауысып, белбеуге үміткер Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты. WBO қазақстандықты ресми түрде титулдың толық иегері деп жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек