- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өткенді қазбалағым келмейді"....
"Өткенді қазбалағым келмейді". Танымал жұлдыздардың алғашқы махаббаты кім?
"Алғашқы махаббат, жүректі тербейді" демекші, танымал жұлдыздардың да алғашқы сүйіктілері болған. Көбінің махаббат хикаясы мектеп қабырғасынан басталады. Әрине, сол кездегі бала махаббатты жүректі тербемей еске алу мүмкін емес. Massaget.kz тілшісі отандық танымал жұлдыздардың алғашқы махаббатары туралы естеліктерін жинады.
Сиви Махмуди
Таяуда танымал әнші Сиви Махмуди өзінің Instagram-парақшасында алғашқы махаббаты туралы айтты. Оның сөзінше, алғашқы махаббаты - өнердегі әріптесі Алмас Кішкенбаев болған. Шоу-бизнес жұлдызы арада бала махаббаттың болғанын, қазір Алмас жан досы екенін айтты.
"Сенсация болсын. 15-16 жасымда жүрген бірінші жігітім, алғашқы махаббатым - Алмас Кішкенбаев. Бірінші рет айтып тұрмын. Қазір ол - жан досым. Бізде бала махаббат болды. Ол 18-де, мен 15-16 жаста едім. Қазір күліп еске аламыз", - деп жазды Сиви Махмуди.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әсел Сәдуақасова
Актриса, әнші, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова ер-азаматтың сыртқы түріне мән бермей, тек ішкі жан дүниесіне көңіл бөлетінін айтты. Әнші бұдан 25 жыл бұрын алғаш рет ғашық болғанын мойындады. Оның айтуынша, алғашқы махаббатын мектеп қабырғасында 7-сынып оқушысы болған кезде кезіктірген.
"Мен оны басқа мектепке кеткенге дейін жақсы көрдім", - деп күлді Әсел.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Гүлзира Айдарбекова
Продюсер Гүлзира Айдарбекова да "Ең алғашқы" бағдарламасында алғашқы махаббаты туралы сөз қозғады. Гүлзира Айдарбекова оқушы кезінен-ақ жігіттердің арманы болған. 9-сыныпта 19 жігіт хат жазып, сезімін білдірген. Алғашқы махаббаты мектепте болған, тіпті оларды махаббат символына теңеген. Продюсер жігітінің әскерден келгенін күтпеген сияқты. Ол туралы ашық айтқысы келмейтінін жеткізді.
"Мен 8-сынып бітіріп, 9-сыныпқа барғанда 19 жігіт хат жазған. Маған көңіл білдірді. Мен мектепте белсенді едім. Содан көзге көп түстім. Ол кезде жігітпен қыдыру, кездесу деген әңгіме жоқ. Мектепте оқып жүргенде кездескен жігітім болды. Ол - ең алғашқы махаббат. Біз өзгелерге үлгі болдық. Біз секілді жүргісі келетін. Бізді қосылмай кетеді деп ешкім ойламады. Кейін мен тұрмысқа шыққанда бәрі таңғалыпты. "Гүлзираның өзі жігітін әскерден күтпегенде, сен күтесің бе?" деп ауылдың жігіттері қыздарды айыптайтын болыпты. Ол жігіт туралы ашық айтқым келмейді. Ол балалық сезім ғой. Нағыз махаббатым - қазіргі жолдасым. Қайрат нағыз махаббаттан туған бала", - деді Айдарбекова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қуат Хамитов
Спортшы Қуат Хамитовтың алғашқы махаббаты бұған дейін сезімін ашық білдірген Сабина Алтынбекова емес, бір сыныпта оқыған Мақпал екен. Ол Мақпалға 10-сыныпта ғашық болғанын айтты. Сүйікті қызына шоколад беріп жүргенімен, сезімін білдірмеген. Кейін бір тойда кездескенде бұрын ұнатқанын айтқан, ал қыз оның сезімін білдірмегеніне таңғалған.
"9-сынып бітірген уақытта жақсы оқитын балалардың бәрі колледжге түсіп кетті. Мен де кетіп қалуым керек еді деп өкініп жүрдім. Бір күні сыныпқа бөтен қыз кіріп келді. Мен оны бір көргеннен ұнаттым. Оқуға кетпегенім үшін қуандым. Сол қызды көру үшін мектепке баратынмын. Оған шоколад алып беретінмін. Есімі Мақпал еді. Ол да маған күліп қарады. Бірақ мен сезімімді білдірген жоқпын. Сөз салған да жоқпын. Солай мектеп бітіріп кеттік. Кейін студент болдық. Бәрі ұмытылды. Кейін бір тойда кездестік. Оны жақсы көргенімді сол кезде айттым. Ол менің сезімімді білдірмегеніме таңғалды. Менің әпкеме ешқандай сөз салмағанымды айтыпты", - деді Хамитов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәди Рымбаев
Роза Рымбаеваның кенжесі Мәди Рымбаевтың да алғашқы махаббаты бір партадан басталған. Ол 5 жыл бойы бір мектепте, бір үйірмеге баратын қызға ғашық болып, ақыры өзіне қарата алмай кеткенін айтты.
"Алғашқы махаббатым мектеп партасынан басталды. 5-сыныпта параллель оқитын қызға ғашық болдым. Ол орыс сыныбында оқыды. Екеуміз пианино үйірмесіне бірге қатыстық. 11-сыныпқа дейін артынан жүгірдім, бірақ өкінішке қарай маған ол қарамады", - дейді Мәди.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаеваның алғашқы махаббаты 9-сыныпта басталып, өмірінің жарты жолына дейін жалғасқан. Актрисаның айтуынша, жігітпен қосылуына анасы қарсы болған. Айгүл Иманбаева тұрмыс құрып, балалы болса да алғашқы махаббаты үмітін үзбеген, бірнеше жыл бойдақ болған. Кейін актрисаның сезімі жоқ екенін біліп, басқа әйелге үйленген.
"Алғашқы махаббатым мені іздеп қалаға келгенде бетін қайтардым. Енді келме, менің жігітім бар дедім. Ол үйленбей ұзақ жүрді. Тіпті мен Сәбитпен тұрмыс құрып, арада бала болған кезде де үмітін үзбеді. Мен айырылысқаннан кейін тағы келіп сөз салды. Қосылайық деді. Мен балалы, ажырасқан әйелмін. Сен әлі үйленбеген бойдақсың. Біз тең емеспіз, өз сыңарыңды тап дедім. Ол кезде де үмітін үзе алмай он жылдай жүрді. Соңында менің оған қосылмайтынымды түсінгендей болып, үйленді. Бірақ, көп ұзамай жүректен қайтыс болды", - деді Айгүл Иманбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Рамазан Стамғазиев
Танымал дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев алғашқы махаббаты туралы жан сырын "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарды. Өнер иесі алғашқы махаббатына 4-сыныптан бастап ғашық болған. 9-сыныпта жақын араласа бастаған, тіпті қыз әншінің әскерден келуін күткен. Бірақ оқуға кеткеннен кейін аралары ажырап кеткен.
"Алғашқы махаббатым - Гүлнара есімді қыз. Екеуміз бірге оқыдық, бірге жүрдік. Біз 4-сыныпта орталыққа келіп оқитынбыз. Сол кезде таныстық. Сыныптағы ең әдемі қыздардың бірі болды. 9-сыныпқа қарай жақын сөйлесе бастадық, азды-көпті сырымызды айта бастадық. 10-сыныпта мені әскерге шығарып салды. Ол кезде маған үнемі хат жазып тұрды.
Бүгін Гүлнара өмірде жоқ. Ол өмірден өтті. Мен әскерден келген соң, оқуға түскен кезде біраз кездесіп жүрдік. Мен осы жақта, ол ауылда болды. Содан кейін болар, бір-бірімізді іздеуден алшақтап кеттік. Ол мені әскерге шығарып салып, екі жыл күтті. Гүлнара өте текті жерден шыққан, жақсы оқитын. Біздің сыныптағы үздік оқушылардың бірі болды. Аздап өлең айтатын. Жігіттердің барлығы оған ғашық еді. Ол қолжетпес қыз болды", - деп ағынан жарылды Стамғазиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Роза Бағланова
"Қазалының қызы" Роза Бағланованың алғашқы махаббаты бұрынғы күйеуі Садық Әбжаппаров екен. Ұлы Жеңістен кейін батырлар елге оралып, олардың құрметіне жиындар болған. Сондай жиынның бірінде әнші мен батыр танысқан. Екеуі бірін-бірі сүйіп қосылғанымен, көп ұзамай ажырасқан.
"Әртіске үйленгенімді тума-туыстарым да, жақын дос, жора-жолдастарым да қостаған жоқ. Біз оған қарамадық. Алматыда тұрдық. Кереметтей пәтеріміз болды. Бірақ біз үйленгенмен, үй бола алмадық. Үй болу үшін ерлі-зайыпты күніге бір есіктен кіріп, бір есіктен шығу керек. Екеуміз қысы-жазы айлап-жылдап іссапарда жүрсек қайдан үй боламыз? Ал некеге адал болдық. Роза екеуміз өкпе-назсыз, адамша айырылыстық. Біз көктемнің жайнаған шағында танысқан едік. Сол кезді сағынамын", - деді Садық Әбжаппаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тәуекел Мүсілім
Қыздардың сүйікті актеріне айналған Тәуекел Мүсілім өмірінде үш рет ғашық болғанын жасырмады. Ол алғашқы махаббатын мектеп қабырғасында жолықтырған. Кейін студенттік жылдары тағы да ғашық болған. Актер сүйген аруларымен қош айтысуына өзінің себеп болғанын мойындады.
"Егер уақытты қайтара алсам, бәрін басқаша жасар едім", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қуандық Рахым
Танымал әнші Қуандық Рахым өзінің алғашқы махаббаты туралы нақты айтпады. Бар білеріміз, қыздың отбасы, бала-шағасы бар. Әншінің махаббатқа келгенде өзінің қағидалары бар екенін айтты. Оның ойынша, махаббаттың нақты бір анықтамасы жоқ, әркім өзінше қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінен жасы үлкен не қазақтан өзге ұлттың қызымен бас қоспайтынын айтты.
"Әрине, алғашқы махаббат бәріміз де болды ғой. Алайда мен қазір өткенді қазбалағым келмейді. Себебі ол қыздың қазір өз отбасы, бала-шағасы бар. Өткенді еске алып, адамдардың көңіліне селкеу салғым келмейді", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек