"Духы вагон". Желіде атты адамды аю қуған видео тарады

"Духы вагон". Желіде атты адамды аю қуған видео тарады

Желіде атты адамды аю қуған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Kaztwitter Instagram-парақшасында жарияланған. Роликтен атты адам видеоға түсіріп келе жатқанын, ал оны қоңыр аю ұзақ уақыт қуғанын байқауға болады.

"Видео Алматы облысында түсірілгені жазылып жатыр", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Желі қолданушыларының бірі видеода Асы жайлауы екенін айтқан. Сондай-ақ, әзілдеп пікір жазғандар да табылған.

"Видеоға түсіріп тұр. Экраннан көргеннің өзі қорқынышты", "Жол сұрайын деген шығар", "Ат болдырып қалса, қызық сонда болады", "Ой, қалай қорықпайды? Үйренген адам ғой, сірә", "Қиналмай түсіріп келе жатыр ғой", "Қорықпайды екен", "Бәріңіз қате түсіндіңіздер, аю үйіне қонаққа шақырып, бал бергісі келді. Ол қазақы аю ғой, қонақжай", "Телефоныңды тастап, қол-аяғыңды ұстап қашпайсың ба, видеоға түсіріп, қорықпайды екен", "Жүректі жігіт екен! Аты да мықты болып тұр ғой! Жануар сенімді болып тұр ғой!", "Асы жайлауы", "Духы вагон екен оператордың", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова