Қонаевқа жабылған жала

Қонаевқа жабылған жала
Фото: ztgzt.kz сайтынан

Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың қайтыс болған күні. Ол 1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында қайтыс болған. Дінмұхамед Қонаев қазақ тарихында мемлекет әрі қоғам қайраткері, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы ретінде қалған. Massaget.kz тілшісі Дінмұхамед Қонаев туралы қызық деректер жинады.

  1. Қоғам қайраткерінің өмірлік жары - Зуxра Шәріпқызы. Ұлты татар болған, ал мамандығы - есепші.
  2. Ол Ғылым академиясына басшылық еткен жылдары 30 рубль жалақысын №1 балалар үйіне қайырымдылыққа берген.
  3. Дінмұхамед Қонаевтың күзетшісі әрі фотографы Анатолий Иванович болған.
  4. Мемлекет қайраткері мылтық, қылыш, қанжар, пышақтан коллекция жинаған. Ең сүйікті мылтықтары Л.И. Брежнев сыйлаған мылтық және жеті атадан мирас болған мылтық болған. Дәл осы екі мылтықпен аңшылыққа жиі шыққан.
  5. Оның ит жүгіртіп, саят құрған аңшы екені көпке аян. 1971 жылы "Ең үздік аңшы" атанған, сондай-ақ, Испанияның аңшылар ұйымына мүшелік еткен.
  6. Аңыз тұлғаның атасы Жұмабай екі рет қажылыққа барған, діни сауатты болған.
  7. Қонай - арғы атасы. "Арғы атасының аты ұмытылмасын" деген сеніммен Қонай тегін алған.
  8. Ол бір жолғы аңшылықта салмағы 270 келі қабан аулап, етін балалар үйіне берген.
  9. Қайраткер өте көреген адам болған. Аңның мүйізіне қарап, ұрғашы немесе еркек екенін анықтаған.
  10. Дінмұхамед Қонаевтың жеке кітапxанасында 5000 кітап болған, оның ішінде шамамен 500-і діни кітап болған.
  11. Қазақ тіліндегі "алпамса денелі" деген тіркес осы тұлғаға арналған, өйткені бойы - 198 сантиметр, ал аяқкиім өлшемі 43 болған.
  12. Ол жауапты қызметкерлерінің есімін жатқа білген.
  13. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болған Қонаев "бір медаль өзімдікі, қалғаны - xалықтың еңбегі" деген қағиданы ұстанған.
  14. Қызметте қарапайым адам болған. Ол 1955-1965 жылдары Министрлер кеңесі төрағасы болған шақта отырған жұмыс үстелінің отырғыштарын өзінікінен бастап, бәрін бірдей етіп жасатқан.
  15. Ол күнтізбенің бетін жыртпаған, парақтап отырған.
  16. Қонаев Жапонияға жиі сапарға барған, шамамен 84 рет барған.
  17. Қоғам қайраткері Бақанас демалыс орнын ерекше жақсы көрген.
  18. Ол өмірлік жарымен 50 жыл, 6 ай, 2 күн бірге өмір сүрген. Бұл күнтізбені өзі санап жүрген.
  19. 1986 жылдағы дүрбелеңде жалған жаладан жұбайы Зуxра Шәріпқызының ақылының арқасында аман қалған. Қайраткердің жары отасқаннан кейінгі (1939-86 жылдардағы) чектерді сақтаған екен.
  20. Ол ҚазҰУ қалашығының, "Қазақстан" қонақүйі сынды Алматыдағы көрікті орындардың салынуын өзі қадағалаған.
  21. Дінмұхамед Қонаевтың қазіргі телефон үлгісіндей калькуляторы болған.
  22. Ол күніне 150-200 бет кітап оқыған.
  23. Қонаев оттықтан коллекция жинаған, жалпы саны - 4000.
  24. Ол барған жерінен сыйлыққа сувенир әкелетін болған.
  25. Шет ел басшылары оған сыйлықтар жіберіп отырған. Олардың қатарында Елизаветта ІІ, И.Ганди, Э.Шеварднадзе бар.
Ж. Қадыржанова