- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "18 жастағы қызға...
"18 жастағы қызға үйленді деп шулатты". Қарақат Әбілдина қызық естелігін әңгімеледі
Әнші Қарақат Әбілдина Instagram-парақшасында Қыдырәлі Болмановқа тұрмысқа шығар кезіндегі қызық оқиғасын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әншінің сөзінше, олардың шаңырақ көтергеніне биыл 23 жыл болыпты.
"Бүгін бізде атаулы күн! Ақ некеміз қиылған, үйлену тойымыз тойланған күн бүгін. 23 жыл. Қыдекеммен 4 жыл танысып жүріп, төртінші жылда шаңырақ көтердік.
- Оқуымды аяқтамай тұрмысқа шықпаймын, - дедім.
- Уайымдама, оқуыңды аяқтайсың. Бәрі жақсы болады, - деп уәде берді. Уәдесінде тұрды.
21 жасымда, 4-курсқа көшкен кезде шықтым тұрмысқа. Басылымдар, жаңалықтар "Қыдырәлі 18 жастағы қызға үйленді" деп шулатты. Түрім бөпе көрінген ғой", - деді ол Желіде.
Ол үйленгеннен кейінгі қызық оқиғаны әңгімелеп берді.
"Қыдекеңнен сұхбат алып, аяғымның өлшемін сұрағанда, өзінікі 40 болған соң, менікін шамамен 39 шығар деп ұрып жіберген ғой. Сөйтіп, жасымды да аяғымның өлшемі сияқты шатастырып, жарыса жазғаны есімде. Ал қыздың аяғы 37 өлшем ғана еді. Қайдағы-жайдағы еске түсіп бүгін сол. Қызықтың бір шетін сіздермен бөлісіп отырмын, жақсы адамдарым", - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Ж. ҚадыржановаПосмотреть эту публикацию в Instagram