Зимбабвелік әскерилер Қазақстандағы концертте Шакираның әніне биледі

Зимбабвелік әскерилер Қазақстандағы концертте Шакираның әніне биледі

Желіде Зимбабве әскери күштері Қазақстандағы концертте сахнаға шығып, билеген видео тарап жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle

Видеода зимбабвеліктер сахнаға шығып, Шакираның Waka Waka атты әніне билегені көрінеді. Ролик 36 мыңнан аса лайк пен жеті жүзге жуық пікір жинаған.

"Қалай керемет билейді?", "Харизмалары керемет әрі ырғақты тамаша сезінеді", "Энергиялары экран арқылы да беріліп тұр, олармен бірге билегім келеді", "Денем тітіркеніп кетті", - деп жазып жатыр Желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QazaqArmy (@qazaqarmy)

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі видео Әскери халықаралық ойындар өткізілгеннен кейін түсірілгенін айтты. Концерт Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасының мәдени-сауық орталығында өткен.

"Іс-шара соңында Зимбабве әскери қызметшілері әсерлі биледі. Қазақстанға ол жақтан 21 адам келді. Елімізде өткен үш байқауға әлемнің 14 елінен 341 әскери қызметші қатысып жатыр: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Иран, Қытай, Қырғызстан, Мали, Никарагуа, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан", - деді министрлік өкілі.

@erjan.oljabai9595 #зимбабве?? #веселыеребята? ♬ оригинальный звук - erjan.oljabai9595
Ж. Қадыржанова