Абай облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікті анықталды

Абай облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікті анықталды

14 тамызда кішкентай қызды зорлау дерегі бойынша анасының арызымен облыстық Полиция департаментінде соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Рolisia.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі  ағзасы қатты зақымданған.

"Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты", - деді анасы. 

Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

"Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деді полиция қызметкерлері.

Г. Досымшалова