"100 миллион талап етемін". Бекболат Тілеухан Желіге шығып, тағы бір мәлімдеме жасады

"100 миллион талап етемін". Бекболат Тілеухан Желіге шығып, тағы бір мәлімдеме жасады

Белгісі саясаткер, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бекболат Тілеухан қайда жүргенін айтты. 

"Мен Ыстамбұлдамын. Біреулер айтқандай қашып жүрген жоқпын. Мен неге қашуым керек? 29 желтоқсанда парламенттен ресми түрде кеттім. Неге оны ел ұмытып қалды, білмеймін", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)

Сонымен қатар, Бекболат Тілеухан өзіне жала жапқандарға үн қатты. 

"Азаматтық мемлекет болғандықтан сотта кездесіп, осы мәселелерді талқылауға тура келеді. Сотқа беремін. 100 миллион талап етемін деп ойлап отырмын. Оның бәрін, бір тиынын да қалтама баспаймын. Қазақстан халқын қолдау қорына жіберемін, сосын отандастарға жібергім келеді. Бір қазақ болса да, сырттан келетін қазақтарға көмек ретінде жіберемін", - деді саясаткер.  

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы хабар тараған болатын. БАҚ-тар бұл ақпаратты дереккөзге сілтеме жасап жариялаған еді. 

Бекболат Тілеухан бұл жалған ақпарат екенін айтып, оны таратқандрды сотқа беретінін мәлімдеген еді. 

С. Сатыбалдина