Шатунов бір аунап тұрған шығар. "Қызыл раушан" TikTok-та хит болды

Шатунов бір аунап тұрған шығар. "Қызыл раушан" TikTok-та хит болды
Фото: ulangasyrqamiev Instagram-парақшасынан

Желіде Ұланғасыр Қами есімді әншінің "Қызыл раушан" атты әні кең тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz

AGUGAI YouTube-арнасында әннің 2 күн бұрын шыққан клипі трендте бірінші болып тұр. Видео 314 мыңнан аса қаралым жинаған.

Ал 13 күн бұрын шыққан нұсқасы 934 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Трендтің 1-орнына бір-ақ шығарған Аллаға сансыз шүкір! Барлық команда мен тыңдарманға алғыс айтамын..." - деп жазған әнші Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұланғасыр Қамиев (@ulangasyrqamiev)

Ән Юрий Шатуновтың "Белые розы" әнінің стилінде жазылған. Ән сөзінде де "Белые розы" мен "Шатунов" қосылған:

"Белые розы тербеткен би алаңын,

Шатунов сүйген ол әндер қиял әлі", - деген жолдар бар. 

Желі қолданушылары бейнеклипке екі түрлі пікір жазған. Бір бөлігі ән мен бейнеклипке көңілі толғанын жазса, енді бір бөлігі әнші клипте ақ раушанды жерге лақтырғанына наразы болған.

"Не деген бишілер, не деген би, Құдай-ау", "Шатуновтың гүлін неге лақтырып жібердіңіз? Клипті 70-жылдардың адамы сияқты түсіріпсің, ән басталғанда, Шатуновты қосқан екенсіз, соның суретінің жанынан өтіп бара жатып гүлді құрметтеп, суретіне қойып кетер едім, лақтырып жібермей, ер адам, джентльменге ұқсап түсірмейсіз бе, секеңдеп билеп бастамай! Сосын қызыл гүлді ал да қыздарға сыйла билеп жүрген! Өзгертші клипті, дөрекі келмейді әнге. Ән әдемі, клиптен көрінбейді!", "Образ күшті, ән де күшті", "Бәрі жақсы, бірақ ақ раушанды лақтырғаның дұрыс болмады, жай ғана Шатуновтың суретін қойып, соның қасына қоя салу керек еді", "Шатунов бір аунап тұрған шығар, қазақ жігіттері, жарайсыңдар, "Ақ раушанды лақтырмау керек еді, Шатуновты әнге қосқан соң", "Кеткен Юрада нелерің бар?", "Керемет маған қатты ұнады, самғай бер!" - деп жазған пікір білдірушілер.

Айта кетейік, Юрий Шатуновтың "Белые розы" әні 1989 жылы шыққан. Бұл - "Ласковый май" тобының әні, ал әні мен сөзін Сергей Кузнецов жазған. "Белые розы" әнінің клипі 1989 жылы қаңтарда "Утренняя почта" бағдарламасында көрсетілген. Клип 1988 жылдың аяғында түсірілген.

Ж. Қадыржанова