"Сандықтың түбінде шіріп жататын диплом". Төреғали Төреәлінің жары көпшілікке үн қатты

"Сандықтың түбінде шіріп жататын диплом". Төреғали Төреәлінің жары көпшілікке үн қатты
Фото: tolkynturarbekkyzy Instagram-парақшасынан

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы төртінші дипломына қатысты Желіде тараған жазбаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Төреғали Төреәлі әйелін "төрт дипломы бар Толқыным" деп ерекше құттықтаған жазбасы талқыға түскен еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

"Төреғали Төреәлінің жұмыс істемейтін әйелі төртінші дипломын алды", - делінген Желіде тараған жазбада.

 Ол дипломнан да маңызды нәрселер барын айтты.

"Біраз уақыттан бері дәл осы жазбаға қатысты ойымды бөліспей жүрген едім... "Сүрлейді ме? Ақшасын қайда жіберетінін білмей дипломдарды жинақтап жатыр ма? Іске сәт", "Сандықта жататын дипломдар десеңші. Төрт дипломмен ауылға бару керек. Әйтеуір біреуі іске жарар", "Сонша диплом неге керек? Бәрібір жұмыс істемейсің, барлық диплом сандықта жатыр, әлде коллекция үшін жинайсың ба?", "Қазақстанға қандай пайда сатып алған төрт дипломнан" деген пікірлерге айтарым бар. Қай ғасырда да адамның білімі бағалы... Сандықтың астында шіріп жататын диплом, ақша не істетпейді деп, психолог атанғаным біраз адамға жақпай жатыр екен... Өкініштісі, біздің қоғамның дипломды "для галочки" жақсы жұмыс табуы үшін алатынын айтсаңызшы. Отбасы сауаттылығы, сауатты, білімді ананың өзін дамытып, үйінде отырып, баласының тәрбиесіне, өзіне пайдалы болуы маңызсыз екен. ...Адамның жүрегінің шіруінен сақтасын Алла! Сөзіңнің іруінен сақтасын Алла!" - деді Толқын Тұрарбекқызы.

Ж. Қадыржанова