- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түсіктен кейін ағза...
Түсіктен кейін ағза қанша уақытта қалпына келеді?
Гинеколог Ольга Каплина түсік тастағаннан кейін әр әйелге физикалық және психологиялық тұрғыдан қалпына келуге әртүрлі уақыт керегін айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Оның сөзінше, түсік тастағаннан кейін ағзаның қалпына келу ұзақтығы түсік қай уақытта болғанына және әйелдің эмоциясына байланысты.
Басылым мәліметінше, 85 пайыз түсік тастаған әйел қайта жүкті болып, сау бала туа алады.
"Жүктілік 10-12 аптаға дейін тоқтаса, жаңа жүктілікті етеккір қалпына келгеннен кейін, бір-екі айдан соң бірден жоспарлауға болады", - деп түсіндірді дәрігер.
Әйел 12-22 аптада түсік тастаcа, қалпына келуге кемінде үш ай қажет. Маман әйел 22-аптадан кейін түсік тастаса, оны толық тексеріп қоймай, психологиялық жағдайына да мән беру керегін жеткізді.
"Түсіктен кейін әйел ультрадыбыс диагнозынан өтуі керек. Маман ұрық жұмыртқасының қалдықтары жатыр қуысында қалды ма, жоқ па, соны тексереді", - дейді ол.
Дәрігер алдымен түсік тастау қандай себептен болғанын анықтау керегін айтты. Мұны қайта болдырмау үшін себебін жою қажет. Түсік тастау ұрықтың хромосома ауытқуларына байланысты болмаса, әйел жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық диагнозынан, жатырдың шырышты қабығының тексерісінен өтуі керек.
Ж. Қадыржанова