- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сотта кездесеміз". Бекболат...
"Сотта кездесеміз". Бекболат Тілеухан қауесеттерге жауап берді
Бекболат Тілеухан шетел азаматтығын алуға өтініш бермегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы хабар тараған болатын. БАҚ-тар бұл ақпаратты дереккөзге сілтеме жасап жариялаған еді.
Бекболат Тілеуханның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасады.
"Бұл мәлімдемеге себеп болып отырған - жанашыр бауырларымның хаттары. Ақылға сыймайтын нәрсеге нанбайтын шығар деп ойлап едім. Сөйтсем "басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті" дегенге кәдімгідей ел иланып жатыр. Бұлай мәлімдеме жасамасқа болмайтынына көзім жетіп айтып отырмын. Айтайын дегенім, қадірлі бауырлар, мен ешқандай да өзге елдің азаматтығын алуға өтініш берген жоқпын. Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. "Көк" паспорттан айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің жаласы. "Ұлыс Медианы" сотқа беремін. Олар сотқа беретінімді біліп, әртүрлі нәрсе жасауы мүмкін ғой. Бірақ сарапшылар бар. Сотта кездесеміз", - дейді саясаткер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бекболат Тілеухан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
С. Сатыбалдина