- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскерде қысым көргенін...
Әскерде қысым көргенін айтқан сарбаз журналистерге эксклюзив сұхбат берді
Әскерде қысым көргенін айтқан бұрынғы әскери қызметкер Айғаным Елшібаева журналистерге сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БАҚ өкілдерімен кездесуде сарбаз қыз Қарулы Күштер қатарында қызмет ету барысында тағы қандай қиындық көргенін айтып берді.
Қобалжып, көзіне жас толған қыз бала кезінен әскери академияға түсіп, әскерде қызмет етуді, мемлекетке қызмет етуді армандағанын айтты. Ол 2019 жылы желтоқсанда Алматы облысы Шеңгелді елді мекенінде орналасқан 54179 әскери бөлімшеге шақырылған. Басында ол бұған қатты қуанған, бірақ сәуірде батальон командирі тарапынан қысым көрсету әрекеттері басталған.
Суреттер: Tengrinews.kz/Святослав Антонов©
Айғаным жәбірлеушілер лайықты жазаланатынына сенімді болмаса да, оның оқиғасы өзгелерге сабақ болар деп үміттенеді. Ол осы әскери бөлімшеде не болып жатқанын бәрі білгенін қалайды. Әскердегі басқа қыздар осындай жағдайды бастан өткермеуі үшін ол өз ұстанымын ашық айтуды ұйғарған.
Еске салайық, бұған дейін Айғаным Елшібаева "НеМолчиKz" қоғамдық қорына жүгініп, Қарулы Күштер қатарынан мәжбүрлі түрде босатылғанын айтқан болатын.
С. Сатыбалдина