- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сегізінші операциям". Пластикалық...
"Сегізінші операциям". Пластикалық ота жасатқан жұлдыздар
Жұлдыздар арасында ең танымал пластикалық операция - блеферапластика мен маммопластика. Біріншісі қабақтың артық терісін жою, ал екіншісі төсті үлкейту. Massaget.kz тілшісі пластикалық ота жасатқан жұлдыздар туралы баяндайды.
Баян Мақсатқызы
2018 жылы танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы мұрнына ота жасатқанын айтты. Пластикалық операция жасату үшін ол Оңтүстік Кореяға арнайы барған.
Кейін Instagram Stories-те операциядан кейін видео жариялаған еді. Отаның арқасында мұрны қалпына келгенін айтқан.
Ал биыл наурызда көзіне екі операция жасатқанын айтқан.
"Айтпақшы, бұл - менің сегізінші операциям, мен бұған дейін бұл туралы айтпағанмын. Денсаулығымды жақсарту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бәрі орнына келіп, өмірімді толыққанды сүре аламын деп үміттенемін", - деді Баян Мақсатқызы.
Әлішер Кәрімов
2019 жылы әнші Әлішер Кәрімов блеферапластика жасатқанын мойындаған. Оның алдында жарақатына байланысты омыртқасына ота жасатқанын айтқан екен.
"Көзімді, мұрным мен иегімді өзгертіппін - көбі солай жазып жүр. Бәріне бір жазбамен жауап берейін. Мен тек блефаропластика жасатқанмын. Мұны да, омыртқама операцияны да Кореяда жасаттым. Бұл елдің тұрғындары үшін блефаропластика жасату бізде маникюрға барумен тең. Процедура 40 минутқа ғана жалғасады және мүлдем ауырмайды", - деген еді Кәрімов.
Оның сөзінше, әртіске сыртқы келбетін күтіп ұстау және сымбатты бола түсу маңызды.
Мақпал Исабекова
Әнші Мақпал Исабекова былтыр Instagram-да жас кезіндегі суреттерін жариялаған. Сонда түр-әлпетіне бір ғана өзгеріс жасатқанын жазған.
"Бұл суретте блеферапластика мен мұрным табиғи екені анық көрінеді. Бірақ ернімнің үстіңгі бөлігіне өзгеріс жасатқанымды мойындаймын", - деп жазған еді Исабекова 2004 жылы түскен суретін бөлісіп.
Сиви Махмуди
Сиви Махмуди былтыр қыркүйекте төсіне ота жасатқанын Instagram-да жазған еді. Ол ісікті алып тастау және кеудені көтеру үшін хирургқа барғанын мойындаған.
Ал биыл әртіс броулифтинг жасатқанын жариялаған. Бұл - қастың орналасуын түзетіп, маңдай терісін тартуға мүмкіндік беретін эстетикалық операция. Сол арқылы көз бен бет жасарады.
Әнші операция алдында уайымдап отырғанын айтып, Желіде видеосын жариялаған.
Әсел Асқар
Актриса Әсел Асқар да пластикалық операцияға жиі жүгінеді. Ол 2016 жылы блефаропластика жасатқан, ал 2020 жылы осы операцияны қайталады.
"Бүгін Х күні, блефаропластикаға бара жатырмын, оны төрт жылдан кейін жаңартпақпын. Сәл уайымдап отырмын, бірақ қорықпаймын", - деген еді Әсел Асқар.
Бірнеше күннен кейін ол ернін үлкейткенін хабарлаған. Желіде суретін жариялап, "Ісігі кетеді, сосын әдемі болады" деп жазған.
Әсел Асқар биыл босанғаннан кейін жағдайын айтып, бұрын төсіне имплант салдырғанын мойындаған еді.
Айжан Байзақова
Блогер Айжан Байзақова да пластикалық операцияға жиі жүгінген. Оның айтуынша, бұрын түр-әлпетінен ұялған екен, сол үшін мазақ қылғандар да болыпты.
Ол төсін үлкейткенін алғашқылардың бірі болып мойындаған. Ал кейін қандай операциялар жасатқанын ашық айтқан еді.
"Менде маммопластика, винирлер, блефаропластика, отопластика, Биш кесектері және ерінге, маңдайға және т.б. жерлерге түрлі инъекция. Мен тек кірпік ұзартудан бас тарттым", - деп мойындаған еді Байзақова.
Say Mo
Танымал әнші Say Mo былтыр төсін үлкейткен. Фолловерлердің бірі мұндай операция қанша тұратынын сұрағанда, әнші 2,8 миллион теңге жұмсағанын айтқан.
Бір айдан соң әртіс ернін үлкейткенін хабарлаған. Ал биыл наурызда ол блефаропластика жасатты.
Айгүл Иманбаева
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева блефаропластика жасатқан. Мұны биыл Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Иманбаеваның айтуынша, ол операциялық емес, лазерлік пластика әдісін таңдаған. Оның артықшылығы - сауығу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүреді және дәстүрлі операцияға қарағанда нәтижесі әлдеқайда жылдам болады.
Алтынай Жолдыбаева
Әнші Алтынай Жолдыбаева 2020 жылы төсін үлкейту бойынша операция жасатқан. Әнші сұлу болуға деген ұмтылыстан бас тартпау керегін айтады. Алтынайдың сөзінше, кез келген өзгерістер адамның өміріне оң әсер етсе жақсы болады.
Е. Төлеш"Басым әлі айналып жатыр. Күні бойы отырып, ұйықтаудан аяғым ұйып қалады. Жаттығу залында кеуде бұлшықеттеріне жаттығу жасап жатқандай ауыр және тыныс алу қиынға соғады. Мына "қыздар" жарылып кетердей сезімдемін. Бірақ бәрібір. Мен өте оң әсер аламын деп ойламадым. Маған өз көзқарасым ұнайды. Жарайсың, қыз-ау!", - деді Алтынай.