SOS. Қазақстанда тұрмыс тауқыметін тартып жүрген аналар қайда жүгіне алады?

SOS. Қазақстанда тұрмыс тауқыметін тартып жүрген аналар қайда жүгіне алады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Былтыр Алматыда әйел кішкентай үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті. Биыл 7 тамызда Алматыда әйел мен екі баласы өлі табылды. Қоғамда ең түйткілді мәселенің бірі ана мен бала мәселесі болып тұрғаны жасырын емес. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда аналарға арналған қандай орталықтар барын жинады.

"Ана үйі" орталығы

"Ана үйі" қоғамдық қоры дағдарыс орталығында қиын жағдайға тап болған әйелдер көмек ала алады. "КТК" телеарнасының мәліметінше, әдетте мұнда жас аналар жүгінеді екен. Ал олардың негізгі проблемалары - күйеуі немесе жігіт тастап кетуі, туыстары, достары теріс айналуы, жалғыз қалуы, баспана мен ақша болмауы. Мұндай "Аналар үйі" Қазақстанның әр түкпірінде бар.

"Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы"

"Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы" - заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Орталық өз қызметін 2000 жылғы 15 қарашадан бастап жүзеге асырып келе жатыр.

Орталықтың басты мақсаты - әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және қоғамда зорлық-зомбылықсыз қатынасқа негізделген мәдениет қалыптастыру.

Одақтың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, ол Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылдың 26 наурызында тіркелген. Құрамына Алматы, Ақтау, Риддер, Петропавл, Талдықорған, Ақтөбе секілді қалаларда орналасқан 18 үкіметтік емес ұйым кіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ 150 ? (@soyuz_kz)

"Қазақстандағы SOS балалар ауылы"

Қазақстандағы алғашқы SOS балалар ауылы 1997 жылы Алматыда ашылған. SOS Алматы балалар ауылы жанынан "Асар" орталығы жұмыс істейді. Ол - қиын жағдайда қалған балалары бар жалғызбасты аналарға арналған әлеуметтік жоба. 

Жоба шеңберінде әйелдердің өз өмірін қолға алуына және дауыс беру құқығына ие болуға көмектесетін аналар клубы құрылған, ал бұл отбасындағы, жұмыстағы және қоғамдағы теңсіздікті жеңуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Алматыда Светлана Парсалидидің әйелдерге арналған баспанасы бар, оның мекенжайы - Қарқаралы 6/2.

Nemolchi.kz қоры

Әлеуметтік желіде де әйелдер мен қыздарға қатысты мәселені жиі көтеретін Nemolchi.kz қоры бар. Қор құрылғанына 6 жыл болған. Қор +7 705 151 0000 WhatsApp нөмірі арқылы өтініштер қабылдайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)

Сондай-ақ, отбасында зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер qamqor.gov.kz порталына өтініш бере алады. 

Ж. Қадыржанова