Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталған сәттің суреттері жарияланды

Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталған сәттің суреттері жарияланды

Желіде оралдық кәсіпкерді өлтірді деген екі адам ұсталған сәттің суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Бұған дейін Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталған болатын. Ұсталған сәттің суреті ZTB Telegram-арнасында жарияланған.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды.

Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар - кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Полицейлер Оралдан шығатын және кіретін жолдарды тексерген, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілген. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылған.

Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше, қайтыс болған.

Ж. Қадыржанова