Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ІІМ өкілдері бұл іс министр Марат Ахметжановтың бақылауында екенін айтты. 

"Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Іс ішкі істер министрінің бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.

Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер

БҚО ПД өкілі оқиғаға тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болғанын айтты.

"Айғақтар бойынша негізгі себеп – тұрмыстық мәселе, төленбеген жалақыға байланысты болған. Жанжал кенет басталған", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды.

Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар - кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Полицейлер Оралдан шығатын және кіретін жолдарды тексерген, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілген. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылған.

Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше, қайтыс болған.

С. Сатыбалдина