- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда кәсіпкерді өлтіргендердің...
Оралда кәсіпкерді өлтіргендердің видеосы тарап жатыр
Оралда кәсіпкер қаза тапқан оқиға орнынан видео шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Оралда П. Атоян атындағы стадионның тұрағында ер адам қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, ол - 49 жастағы кәсіпкер. Белгісіз ер адам оған бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Полицейлер күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Ал Желіде "Рахат-Лукум" дәмханасының үстіне орнатылған бақылау камераларының видеосы тарап жатыр. Бейнежазбада екі ер адам жүгіріп келе жатқанын, бірінің қолы қанға боялғанын байқауға болады.
7 тамызда таңертеңгі мәлімет бойынша, күдікті әлі ұсталған жоқ. Қалада полицейлердің патрульдік қызметі күшейтіліп, Оралға кірген және шыққан көліктер тексеріліп жатыр.
Е. Төлеш