Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанды

Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанды

Халықаралық шахмат федерациясы қазақстандық Бибісара Асаубаеваны 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Бибісара бұл туралы Facebook-парақшасында жазды.

"Кеше марапаттау рәсімі өтті, 15 мәрте әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған "әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021" марапатын табыс етті. ФИДЕ жұмысымды жоғары бағалағанына рақмет", - деп жазды шахматшы.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтаған еді. Сондай-ақ, ол Гиннес рекордтар кітабына енді. 

Ж. Қадыржанова