"Қазақстанды жайына қалдырыңдаршы". Орыс ұлтының өкілі Дмитрий Медведевтің жазбасына жауап берді

"Қазақстанды жайына қалдырыңдаршы". Орыс ұлтының өкілі Дмитрий Медведевтің жазбасына жауап берді

Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілі Дмитрий Медведевтің "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жазылған жазбаға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілі ретінде айтарым, бізге бұл жерде ешкім тиісіп жатқан жоқ. Қазақстанды жайына қалдырыңдаршы. Қазақтар - үнемі қонақжайлығымен есте қалған халық. Олар мені қабылдағандарына алғыс айтамын. Өз елім үшін соңғы демім қалғанша күресемін. Яғни Қазақстан үшін. Сондықтан қайдағы жоқ нәрсені жазудың қажеті жоқ, бізді зәбірлеп жатыр дегендей әңгіме айтудың қажеті жоқ. Баршаңызға рақмет. Ал қазақ халқына бізбен бірге болғандарына алғыс айтамын", - дейді видеодағы ер адам. 

Еске салайық, Дмитрий Медведев "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы күмәнді жазба жариялаған болатын. Көмекшісінің айтуынша, оның парақшасына шабуыл жасалған. 

С. Сатыбалдина