- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ер адам...
Алматыда ер адам экс-әйелін жұрттың көзінше пышақтап тастады
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін жұрттың көзінше автобуста пышақтады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының мәліметінше, оқиға автобуста болған. Екі баланың анасы, 27 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасаған.
Қоғамдық қор таратқан видеода автобус ішінде ер адамның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны бейнеленген. Оқиға автобус ішіндегі камераға түсіп қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Г. Досымшалова"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады", - делінген хабарламада.