Корей азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы ұлына қазақ тілін үйретіп жүр

Корей азаматына тұрмысқа шыққан Әсел есімді қазақстандық келіншектің егіз баласына қазақ тілін үйретіп жатқаны Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz

Әсел - Шымкент қаласының тумасы. Видеоны Әселдің өзі Instagram-парақшасында жариялаған. Артынша түрлі топтарда тарай бастады. Парақшасындағы видео 15 мыңға жуық адам лайк басып, 785 пікір жазылған. 

Видеода ас дайындап жатқан Әсел ұлымен қазақша сөйлеуге тырысады.

"Корей балаңмен қазақша сөйлеген қалай болды?", - деп жазды Әсел. 

Әселдің оқырмандары оның бұл видеосына риза болған. 

"Қазақ тілін жаттатқан жүрегіңнен", "Барлық сөзді айтып тұр ғой, жаным", "Арман сондай ақылды, айтқанның бәрін қайталап отыр", "Қазақша сөйлегені жүректі елжіретіп жіберді ғой", - дейді Әселдің оқырмандары. 

Бір қызығы Әсел егіз баласына Арман және Ару деп қазақша ат қойған.