- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аша Матай атышулы...
Аша Матай атышулы "Қалаулым" бағдарламасын неге жүргізбей кеткенін айтты
Белгілі әнші, тележүргізуші Аша Матай атышулы "Қалаулым" бағдарламасын неге жүргізбей кеткенін айтты. Ол бұл туралы "MOM'sкий әңгіме" подкасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, бұл күйеуінің талабы болған.
Ж. Қадыржанова"Instagram-ға қарасаңыздар, сол кездегі жұмыс кестесі тым қауырт еді. "Қалаулымнан" келе сала, үйдің шаруасы, баламен айналысу. Ол кезде Асылым ғана. Содан кейін түнгі бірде барлық тамақты дайындап кетемін. Өйткені үйде ата-енем, күйеуім бар деген сияқты. Сөйтіп, таңертең тұрып кетемін. Содан кейін күйеуім "не деген жұмыс? Күнде сені көрмеймін. "Анда барайық, мында барайық" дейді. Мен қалғым келмейді. Күйеуім болғаннан кейін, әрине, қасында болғым келеді. Әр барған жер, той болсын, караоке болсын, достарымен кездесу болсын, жарты сағаттай күшті жүремін. Жарты сағаттан кейін кез келген жүрде ұйықтап қала беретін едім. Өйткені 3 сағат эфир эмоционалды түрде қиын болатын. Өз-өзіңді ұстап отырасың. Жарнамаға кеткен кезде "балалар қалай, тамақ іштіңдер ме?" деп барлығына көңіл бөлу жеңіл нәрсе емес. ...Арман енді жынданғаны бар. "Неге кеттім?" десек, біріншіден, шаршау, екіншіден, күйеуімнің талабы. Оның бұл әрекеті біздің қарым-қатынасымыз, балаларымыз, менің жайлылығым үшін дұрыс болды. Мен негізі "Қалаулымда" 3 маусымдай, 3 жыл отырдым", - деді ол.