Қырғызстанда қылмыс авторитетіне 60 жерден пышақ салынған

Қырғызстанда қылмыс әлемінің авторитеті Шыңғыс Жұмағұловтың өлімінің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Akipress.org

Басылым мәліметінше, Шыңғыс "Дөө" Жұмағұловқа 60 шақты рет пышақ салынған. 

Сараптама жүргізілді, бірақ әзірге оның қорытындысы дайын емес екені хабарланды.

Жұмағұлов 30 шілдеде өлтірілген. Қылмыс әлемінің авторитеті камераласымен жанжалдасып, нәтижесінде соңғысы пышақ жарақатын салған. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Шыңғыс Жұмағұлов 1981 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. Ол бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылып, бірнеше рет іздеуде болған.