Ресейде Coca-Cola басқа атаумен сатылады - БАҚ

Ресейлік "Мултон" (Coca-Cola-ға еншілес) сусын өндіруші компаниясы Coca-Cola, Fanta және Schweppes атауларын өзгерту туралы шешім қабылдады. Олар "Добрый Cola", "Добрый Orange" және "Rich тоник" деп аталады. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Sprite нарықтан шығарылатыны хабарланған. Сусын Ресейде сұранысқа ие емес. Алайда ресейлік өндіруші жаңа дәмдерді қосады: Dushes, Cherry, Lemonade, Mango и Sib Travy. 

Телеарна мәліметінше, өнімдер осы күзде шығарыла бастайды. Классикалық сусындардың рецепті сақтала ма, жоқ па, белгісіз. Маусымда Coca-Cola Hellenic Bottling Company (HBC) Ресейде өз өнімдерін өндіруді және сатуды тоқтататынын жариялады.

Мултон Rich және "Добрый" шырындарын да шығарады.

Суреттер: Mash Telegram-арнасы