Қытай армиясы Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады

Қытай армиясы Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады
Фото: ©REUTERS

Қытайдың Халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді, - деп хабарлайды Global Times.

"Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Ж. Қадыржанова