Медведев Қазақстан туралы күмәнді жазба жариялады. Көмекшісі пікір білдірді

Медведев Қазақстан туралы күмәнді жазба жариялады. Көмекшісі пікір білдірді
Фото: РИА Новости

Ресейдің мемлекеттік және саяси қайраткері Дмитрий Медведевтің "ВКонтакте" желісіндегі парақшсында "Қазақстан жасанды мемлекет" деп аталатыны турлы ақпарат тарады және "Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аймағын тек Ресеймен біртұтас мемлекет құрамында біріктіруге болатыны" туралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы журналист Илья Варламов Facebook-парақшасында айтты. Медведевтің көмекшісі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Медведевтің жазбасында "Бір кездері Кеңес одағында болған барлық ел бірге достық пен өзара түсіністікте бірге өмір сүретін болатыны" ал "Киев және Малороссия азат етілгеннен кейін <…> Русь қайтадан бірігіп, мың жыл бұрынғы Көнеорыс мемлекеті секілді алып, жеңілмес елге айналатыны" жазылған. 

"Кеңес одағы ыдырағанға дейін Солтүстік Қазақстанда 62,5 пайыз халық славяндар болған. Қазақстан - жасанды мемлекет, бұрын орыс аймағы, мысалы Гурьев, Семей, тіпті Алматы да 1924 жылға дейін Верный деп аталған. Бүгінде Қазақстанның қазіргі билігі республика ішінде әртүрлі этникалық топтарды көшіру жөніндегі бастамалар орыстардың геноцидіне жатқызылуы мүмкін. Біз бұған көз жұма қарай алмаймыз. Ол жерге орыстар бармай, тәртіп болмайды...", - деп жазды Медведев. 

Көмекшісінің сөзінше, Медведевтің "ВКонтакте" желісіндегі соңғы жазбасы әскери теңіз флоты туралы болған. 

"Ал кеше оның парақшасын бұзып кіріп, басқа жазба жариялағандарға қатысты мәселені әлеуметтік желінің әкімшілігі шешеді", - деді Медведевтің көмекшісі РИА Новостиге берген пікірінде. 

С. Сатыбалдина