Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды

Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды

Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды. Өткен аптада қыз із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адам мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскенін, одан кейін жасаған әрекетінен қорыққандықтан өлтіргенін мойындаған.

"Күдіктінің айғақтарын тексеру және нақтылау кезінде жәбірленушінің мәйіті ауылдардың бірінің шетіндегі жерленген жерінен шығарылып, сот-медициналық сараптамасына жіберілді. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Ол кем дегенде 17 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Г. Досымшалова