"Халк" қазақтың алыбымен айқас алдында соққы техникасын көрсетті

"Халк" қазақтың алыбымен айқас алдында соққы техникасын көрсетті
Фото: ©sajadgharibiofficial

Спорт туралы жазатын vRinge порталы "Қазақ титаны" атымен танымал Алмат Жұманов пен "Иран Халкы" атанып кеткен Саяд Гарибидің дайындығын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алып күш иелері осы сенбі Dubai P7 Arena (Дубай, БАӘ) шаршы алаңында бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді. 

"Жанкүйерлер өздерін алдап жүр деп күдіктенуде, өткені "Халк" Instagram желісіндегі әдеттегі видеоларында ірірек көрінеді. Ал шынайы өмірде бұлшық еттері де көрінбейді. 

Ал қазақстандықтар "Титанның" бокстан хабары бар және "Халк" оған қарсы көпке шыдай алмайды деген сенімде. Дегенмен видеода Гариби де жаман емес сияқты көрінеді", - деп жазады басылым. 

С. Сатыбалдина