Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда - қор

Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда - қор
Фото: © instagram/salikaly_urpak

"Салиқалы ұрпақ" қорының директоры Қасым Қасабеков Болат Назарбаевтың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда екенін және 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берді Қасабеков Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына. 

Ол БАҚ-тан журналистік этиканы сақтауды және Болат Назарбаевтың жеке фотосуреттерін таратпауды сұрады.

Бұған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөздерге сілтеме жасалып, дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын өте ауыр деп бағалайтыны хабарланған. 

Болат Назарбаев - "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының негізін қалаушы. Қор қызметінің басты бағыттары - қайырымдылық және әлеуметтік жобалар.

"Біз азаматтық бастамаларды қолдаймыз, нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыруға көмектесеміз", - делінген қор сайтында

Е. Төлеш