Джо Байденнен коронавирус анықталды

Джо Байденнен коронавирус анықталды
Фото: euroua.com

АҚШ Президенті Джо Байден тапсырған тест нәтижесі коронавирусты растады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Ол енді өз-өзін оқшаулап, қашықтан жұмыс істейтін болады. АҚШ президенті әкімшілігінің хаттамасына сәйкес, COVID-19 сынағы теріс нәтиже бергеннен кейін ғана қалыпты жұмыс форматына оралады.

"Байден вакцинаны толық алғандықтан COVID жеңіл өтіп жатыр, денсаулық жағдайы тұрақты", - деді Ақ үй өкілдері.

Г. Досымшалова