Адам шошырлық видео: Алматы облысында ер адам көлігімен жылқыны басқан

Адам шошырлық видео: Алматы облысында ер адам көлігімен жылқыны басқан
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Алматы облысында жылқыны қасақана көлікпен басқан сәт түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео бір күн бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған. Кадрларда ер адам жерде жатқан жануарды жол талғамайтын көлікпен әдейі басқанын көруге болады. Пікір білдірушілер ер адамның әрекетін айыптап, полицияны осы оқиғаға назар аударуға шақырған.

Видеодан алынған кадр 

Полиция күдіктіні ұстаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде көлікпен жылқыны басып кеткен. Ер адамның сөзінше, бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырысқан.

"Бұл дерекке қатысты "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында прокуратурамен келісе отырып, ұсталған адамға келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Ж. Қадыржанова