Түркістан облысының тұрғыны өз өмірін қауіпке тігіп, туды өрттен алып шықты

Түркістан облысының тұрғыны өз өмірін қауіпке тігіп, туды өрттен алып шықты

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны өз өмірін қауіпке тігіп, туды өрттен алып шыққаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Видеоны facebook-ке Санат Тоқтаров жариялады.

"Кеше Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы "Халықты жұмыспен қамту орталығында" өрт шықты. Аталған орталықтың қызметкері Қансейіт Мұхаммед өз өмірін қауіпке тігіп, жанып жатқан ғимарат үстінде ілулі тұрған туды алып үлгерді", - деп жазды Желі қолданушысы.

Өртті сөндіруге барлығы 7 техника, 2 су тасушы және 31 адам жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

Г. Досымшалова