- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет...
Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды
Елордалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Елордалық тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары басылымға медициналық формадағы әйелдің, лифт кабинасында дәретке отырғаны түсірілген видеоны жіберді.
"Оқиға 14 шілдеде болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйге келген медицина қызметкері лифтке кіріп, 8-қабатты басып, дәрет сындырған", - дейді үй тұрғындарының бірі.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.
Г. Досымшалова"Видеодағы медицина қызметкері қалалық емханадағы жылжымалы бригаданың қызметкері. Алайда емхана басшылығының айтуынша, ол 15 шілдеден бері мекемеде жұмыс істемейді. Сондай-ақ, істеген ісіне өкініп, осы тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұрады. Жанжалдың шешілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.