Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мәсімовті ұстады.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

С. Сатыбалдина