Маңғыстаулықтар қыз жасауына көлік қосып берген

Маңғыстаулықтар қыз жасауына көлік қосып берген
Фото: Видеодан алынған кадр

Жасау қалыңмал мөлшерімен бірдей болады, кейде одан да асып түседі. Жасау ұзатылатын қызға беріледі. Қазақстанның кей өңірлерінде жасауға күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдардан бастап, киім-кешекке дейін қосып береді. Желіде осындай қыз жасауына көлік қосып берген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео Instagram-дағы kazaktin_sulu_kelindery парақшасында жарияланған. Көліктің цифрлық коды 12 екенін байқауға болады. Ал бұл Маңғыстау облысының нөмірі. 

"Сіздің де келініңіздің артынан осындай көлік келсін", - делінген видеода.

Пікір білдірушілердің бірі бұл Маңғыстауда болғанын жазса, енді бірі жалғыз қыз болған шығар деп топшылаған:

"Жалғыз қыз болған соң берген ғой", "Маңғыстау", "Ой, бөспе қазақтар-ай", - деп жазған Желідегілер.

Айта кетейік, қазақ салтында қыз жасауын беру ата-ананың борышы саналады. Жасауды дайындауға ағайын-туыс, көршілер де өз үлесін қосатын болған. 

Ж. Қадыржанова