Алматыда карантин күшейтілді: бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Алматыда карантин күшейтілді: бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы "сары аймаққа" өтуіне байланысты өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Жаңа қаулыда аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар меншік нысанына талап қойылған. 

Ондағы талаптар мынадай:

  • әрбір 6 ай сайын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігі туралы халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
  • COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолют қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс нысанына (міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді
    қоспағанда) ауыстыру;
  • КВИ-мен ауыратын жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына (міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда) ауыстыру;
  • барлық үй-жайларды желдете отырып, вентиляция және ауаны баптау жүйелерін тексеруді (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) қамтамасыз ету.
  • Аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлік палатасы (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендері бар спорттық іс-шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезінде, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді ұсыну.
Е. Төлеш