Маска міндеттелді. Алматы "сары" аймаққа өтті

Маска міндеттелді. Алматы "сары" аймаққа өтті
Фото: Әлихан Сариев

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

16 маусымнан бастап Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артқан еді. Зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен.

Бұған дейін ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Қазақстанда мынадай шектеулер жариялаған болатын:

- науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс жасау форматына көшіру;
- COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасау форматына ауыстыру;
- жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
- 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну. 

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артуына байланысты ДСМ өкілі қандай жағдайда қайта карантин мен локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Ж. Қадыржанова