- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Түріктерге жете алмай...
"Түріктерге жете алмай келеміз": Дариға Бадықова "Келінжан" сериалының төртінші маусымы туралы айтты
Білгілі актриса Дариға Бадықова Instagram-да "Келінжан" сериалының төртінші маусымының түсірілімі туралы айтып, сериал түсіру жағынан түріктердің шеберлігіне тәнті болатындығын жазған, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Келінжанның" 4-маусымы жалғасын тауып жатыр. Түрік ағайындарға сериал түсіру жағынан жете алмай келеміз. "Келінжанның" төрт маусымын қосқанның өзінде 95 серия шығады екен. Алда озып келе жатқан жұрттың баласына қарап бой түзейсің ғой, ал түріктердің оқиғалары таусылар емес...
Бір оқиғаны қорыта алмай жатып, екінші оқиғасы сопаң етіп шыға қалады. Кульминация, интрига дегенді керемет жасайды. Өзім "Қара севданы" күтіп көрдім.⠀ Әр болып жатқан оқиғаға уайымдадым. Түсіріп үлгере алмай жатқан кездері де болды.⠀ "Бір аптадан кейін шығады, монтаж жасалып жатыр", - дегенде уақытты өткізе алмайтынмын. Халықтың сұрауы сұмдық болды", - дейді Дариға Бадықова.
Г. ДосымшаловаПосмотреть эту публикацию в Instagram