- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Төрт дипломы бар...
"Төрт дипломы бар Толқыным". Төреғали Төреәлі әйелін ерекше құттықтады
Танымал әнші Төреғали Төрәлінің жұбайы Толқын төртінші дипломын алды, - Мassaget.kz.
Қуанышты хабарды Төреғали instagram-да хабарлап, айтулы күнге орай жұбайына өлең арнады.
"Жаратқаным жар ғып берген жарқыным,
Баяғыдан оқымысты жан тұғын.
Бірі білсе бірі білмес мен оның
Білімпаздық қасиетіне тәнтімін.
Тағы жаңа мамандықты игердің
Дипломың құтты болсын алтыным,
Бір күйеуі, екі ұлы, үш қызы,
Бұл менің төрт дипломы бар Толқыным!" - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да Толқынды құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қандай бақытты әйел, сыйластықтарыңыз мәңгілік болсын!", "Әй, айтқышым-ай! Балаларыңның анасы, Төрелер ұрпағын дүниеге әкеліп жатқан, жан-жарыңа кім жетсін??!!! Қосағыңмен қоса ағар, балапандарыңның қызығын көре беріңдер!!! Бала келін - ана келін - ДАНА келінге айналды. Бақытты болыңдар!!! Қармақшыдан сәлем!!!!", "Ақылды, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған Толқын келінге кім жетер дейсің?", "Білімді ана", "Сондай сүйкімді, сыпайы", "Керемет өлең шумақтары, жан жарыңның қадірін білетін нағыз отағасы, ғұмырлы, бақытты болыңдар", - деп жазды Желі қолданушылары.
Толқын Тұрарбек отандық оқу орнында психология мамандығы бойынша білім алған. Кеше ол көптен күткен дипломын қолына алды. Сондай-ақ, ол ҚР психология қоғамы бірлестігінің мүшесі атанған.
Г. Досымшалова