Қазақстанда қанша БАҚ бар?

Қазақстанда қанша БАҚ бар?
Фото: pixabay.com

Бүгінде Қазақстанда 5 мыңнан аса БАҚ тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Үкімет отырысында айтты. 

2021 жылы 166 телеарнаның ТОП-10-на 6 қазақстандық телеарна, оның ішінде 3 мемлекеттік арна кірді.

Кейінгі 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерге сатылған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, БАҚ статистикасы: 2022 жылғы маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 5189 БАҚ тіркелген, оның ішінде 3676-сы мерзімді баспа басылымы, 191 - телеарна, 84 - радио, 959 - ақпараттық агенттік және желілік басылымдар.

БАҚ түрлері бойынша, тіркелген БАҚ-тың жалпы санының ішінде: 3676 баспа тобы, оның ішінде газет - 2180 және 1496 журнал бар.

БАҚ-та көбінесе қазақ және орыс тілдері қолданылады.

С. Сатыбалдина