- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда пойыз билеттері...
Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды
Биыл 1 қазаннан бастап қазақстандық пойыздарда жол жүру құнын 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі бұл өсім біршама бағытқа әсер ететінін хабарлаған болатын. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушылар бағыты жүріп жатыр, оның 62-сінде тариф бағасы өседі.
"62 маршруттың деректері облысаралық қатынаста жүреді. Олар республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұдан басқа, облыстық бюджет субсидиялайтын облысішілік қатынас та бар. Олар жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Tengri Travel редакциясы 1 қазаннан бастап билет бағасын көтеру жоспарланған бағыттардың тізімін жариялады.
- 75/76 Қызылорда - Петропавл
- 043/044 Қостанай - Алматы
- 327/328 Қостанай - Қарағанды
- 621/622 Қостанай - Арқалық
- 015/016 Алматы - Петропавл
- 117/118 Қызылорда - Павлодар
- 107/108 Жезқазған - Нұр-Сұлтан-1
- 057/058 Орал - Нұр-сұлтан - Нұрлы жол
- 55/56 Қызылорда - Көкшетау
- 122/121 Нұр-Сұлтан-1 - Семей
- 109/110 Маңғыстау - Ақтөбе
- 655/656/659/660 Арқалық - Нұр-Сұлтан
- 337/338 Алматы - Достық
- 6907/6906 Алматы - Қапшағай
- 610/609 Қарағанды - Жезқазған
- 6803/6804 Нұр-сұлтан - Нұрлы жол - Атбасар
- 6829/6830 Көкшетау - Нұр-Сұлтан - Ерментау
- 7507/7508 Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Көкшетау / Володарское
- 7502/7501 Нұр-Сұлтан-1 - Павлодар
- 7556/7553 Нұр-Сұлтан-1 - Қарағанды
- 6857/6858 Қарағанды - Нұр-Сұлтан-1
- 6842/6841 Шалқар - Сексеуіл
- 459/460/942 Өскемен - Жалаңашкөл - Достық
- 001/002 Алматы - Шымкент (Ташкент)
- 003/004 Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы 2
- 010/009 Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы 2
- 011/012 Алматы - Шымкент
- 025/026 Алматы - Шымкент
- 27/28 Алматы - Орал
- 031/032 Алматы 2 - Павлодар
- 041/042 Алматы - Атырау
- 66/65 Нұр-Сұлтан - Жезқазған
- 67/68 Нұр-сұлтан - Нұрлы жол - Өскемен
- 074/073 Алматы - Жезқазған
- 81/82 Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Қостанай
- 85/86 Нұр-Сұлтан - Шымкент
- 105/106 Алматы - Петропавл
- 211/212 Алматы - Достық
- 253/254 Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Достық
- 007/008 Алматы - Озинки (Саратов)
- 013/014 Алматы - Достық (Үрімші)
- 083/084 Қарағанды - Петропавл (Самара)
- 113/114 Алматы - Петропавл (Қазан)
- 145/146 Қарағанды - Петропавл (Омбы)
- 301/302 Алматы - Шынтақ (Новосибирск)
- 625/626 Атырау - Ақсарай (Астрахань)
- 021/022 Қызылорда - Семей
- 024/023 Ақтөбе - Алматы
- 034/033 Ақтөбе - Алматы
- 037/038 Маңғыстау - Семей
- 045/046 Павлодар - Түркістан
- 047/048 Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Атырау
- 053/054 Нұр-сұлтан - Нұрлы жол - Достық
- 77/78 Алматы - Маңғыстау
- 087/088 Алматы - Сарыағаш
- 139/140 Пресногорьковская - Павлодар
- 313/314 Атырау - Маңғыстау
- 351/352 Алматы - Өскемен
- 353/354 Нұр-Сұлтан - Павлодар - Семей
- 613/614 Орал - Маңғыстау
- 623/627/624/628 Нұр-Сұлтан - Қызыл-Ту - Петропавл
- 691/692 Ақтөбе - Атырау
Осылайша, жеке тасымалдаушыларда да, "Жолаушылар тасымалы" пойыздарында да билет бағасы көтеріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә