Алматыда Медеуге барар жол түнде жабылады

Алматыда Медеуге барар жол түнде жабылады
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда Медеуге барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз 07:00-ге дейін қозғалыс "Ақбұлақ" бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 км.

Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина