"Құран оқып ұзату не масқара!" Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева діни салттарды сынады

"Құран оқып ұзату не масқара!" Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева діни салттарды сынады
Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01/

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева тойды садақаға айналдырып алғандарды сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алжыған Уахаптар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ. Уахаптар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Дәстүрлі әнші қыз ұзату қазақ халқының салт-дәстүріне жататынын айтып, мұны арабтардың дәстүрімен араластырмауды құптайтынын жеткізді. 

"Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру - қимастығының белгісі. Араптарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ. Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар. Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер", - деп ашулы жазба жариялады дәстүрлі әнші. 

Айгүл Елшібаеваның жазбасынан дінді дұрыс ұстанбай жүргендерге қарсы ашу-ыза байқалады. 

"Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырмаңдаршы. Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?", - деп жазды ол желіде. 

Айгүл Елшібаеваның әлеуметтік желідегі оқырмандары бірі қалмай оның пікіріне қолдау білдіріп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айгүл Елшібаева🌏 (@aigulyelshibayeva01)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева