"Сондағысы 126 мың теңге". Нұрсұлтан Жақсыген "көп алимент төлей алмаймын" деп арыз жазған

"Сондағысы 126 мың теңге". Нұрсұлтан Жақсыген "көп алимент төлей алмаймын" деп арыз жазған
Фото: @zhaksygen_n

Актер, жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген екі ұлына төлейтін алимент сомасын азайтып беру туралы арыз жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған жазбада "Сот орындаушыдан хабар келді. Нұрсұлтан Жақсыген арыз жазып кетіпті. Алименттің бәрін төлей алмаймын, аз сома шығарып беріңіз деп талап қойды" деп жазылған. 

Актердың бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы Нұрсұлтанның бұл әрекетіне таңқалған.

"Күшті әке екеніне, балаларыма көмектесіп тұрамын дегеніне сеніп қалдыңыздар ма? Сондағысы екі балаға шыққан сома 126 мың теңге. Айсұлтанның коррекциялық орталығына дәрілерін қоспағанда, айына 300 мың теңге жұмсаймыз", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен ажырасып кеткенін шілде айының аяғында айтқан.

“Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын. Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!”, – деп жазды актер.

Фариза Алмасқызы мен Нұрсұлтан Жақсыгеннің екі ұлы бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева