1 қыркүйектен бастап жарық бағасы өспек

1 қыркүйектен бастап жарық бағасы өспек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған қатысты Энергетика министрлігі бұйрық жобасын әзірледі. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Егер жоба қолдау тапса, онда жарықпен қамтушы ұйымдар бірінші жолы бағаны 8-ден 8,27 теңгеге көтереді. Одан кейін кВ/сағ 9,27 теңге болады.

Тариф Астана-Энергия, Алюминий Қазақстан, Степнагор жылу электр орталығы, Жаңажол, З-Энергоорталық және Қазақхром компанияларында өзгереді.

Құнын көтеру арқылы тасымал, отын шығынын жабу, жұмысшылардың еңбекақысын арттыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бұл әзірге бұйрық жобасы. 23 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!