Алакөл жағалауында үлкен демалыс аймағы өртеніп кетті

Алакөл жағалауында үлкен демалыс аймағы өртеніп кетті
Фото: ТЖМ

Жетісу облысында ірі демалыс аймағы өртеніп кетті, құтқарушылар 400 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндіре алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның егжей-тегжейін Республика ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйі өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 400 шаршы метр аумақта толығымен жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә