Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты: шетелдік азамат қамауға алынды

Ақтөбе облысындағы тасжолдың бірінде шағын автобуспен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 тамызда Самара - Шымкент тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы) жүк көлігі мен минивэн соқтығысты. Минивэндегі сегіз адамның барлығы қаза тапты. Олардың арасында бес бала болған.

Ресми ақпарат бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі соттың рұқсатымен ұсталып, қамауға алынды. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі - Беларусь азаматы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!